Алматының Алмалы ауданында 1994 жылы пайдалануға енгізілген құбыржолды жөндеу себебімен Райымбек даңғылының бойымен қозғалыс уақытша шектеледі.
13 маусымның сағат 23:00 бастап 14 маусымның сағат 08:00 дейін Райымбек даңғылының бойымен Н. Тілендиев көшесінен Брусиловский көшесіне дейін шығыс бағытында автокөліктер қозғалысы жартылай шектеледі. Батыс бағытына қарай қозғалыс ашық қалдырылады.
Уақытша шектеулер көрсетілген көше сегменттерінің жүргін бөлігінің астымен өтетін магистральдық құбыржолдарды жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі.
Ескертеміз, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде орналастырылған.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
