Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматының Әуезов ауданында Абай даңғылының бойымен жылумен жабдықтау желілерінде ілмекті-реттеу арматурасын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.
Жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 13 маусымның сағат 23:00 бастап 14 маусымның сағат 08:00 дейін Абай даңғылының бойындағы №26 үйден бастап Саин көшесіне дейін батыс бағытына қарай автокөліктер қозғалысы қиындатылады.
Жөндеу жүргізу кезеңінің ішінде қозғалыс автобус жолағымен ұйымдастырылады.
Шығыс бағытына қарай қозғалыс өзгеріссіз сақталады.
Ескертеміз, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде орналастырылған.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
