Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматы қаласының Бостандық ауданында 1973 жылы пайдалануға енгізілген 1,5 километрге жуық жылу трассасы ауыстырылады.
Осыған байланысты 2025 жылдың 14 маусымынан бастап 4 тамызына дейін Алматы қаласының Бостандық ауданында Радостовец көшесінің бойымен Солодовников көшесінен бастап Жандосов көшесіне дейін автокөліктер үшін қозғалыс жабылады. Қозғалыс екі бағытта да шектеледі.
Шектеулер көшенің көрсетілген учаскесінің жүргін бөлігінің астымен өтетін магистральдық құбыржол учаскесін жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі.
Жаңғырту жұмыстарын жүргізу кезеңінің ішінде тұтынушыларға ыстық су беру сақталады.
Бұл жылу трассасы 16 көппәтерлі тұрғын үй мен басқа да 7 объектінің тұрғындары үшін жылу энергиясын беруді және ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді.
Ескертеміз, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде орналастырылған.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
