Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары аясында, 2025 жылғы 13 маусымда «АлТС» ЖШС-нің Шығыс пайдалану ауданында алдын алу шарасы өткізілді. Тақырыбы: «Квазимемлекеттік секторда мүдделер қақтығысын басқару».
Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін және жауапкершілігін арттыру.
Семинар барысында спикер сыбайлас жемқорлықпен жүйелі күрес жүргізудің, оның пайда болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайтудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушыларға келесі ұғымдар жан-жақты түсіндірілді:
- сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар;
- мүдделер қақтығысы;
- мүдделер қақтығысының салдары.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысы бекітілген жоспарлар шеңберінде жалғасады.