11 шілде күнгі сағат 23:00-ден бастап 12 шілде күнге сағат 08:00-ге дейін Абай даңғылының бойында Назарбаев даңғылынан бастап Абылай хан даңғылына дейін батыс бағытына қарай автокөлік қозғалысы жартылай шектеледі. Шығыс бағытындағы қозғалыс өзгеріссіз сақталады.
Уақытша шектеулер жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында 1988 жылы пайдалануға енгізілген магистральдық құбыржол учаскесіндегі жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
