Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Наурызбай және Түрксіб аудандарында жылу желілерін жаңғырту себебінен жолмен жүру уақытша шектеледі

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматыда инженерлік желілерді жоспар бойынша жаңғырту жалғасуда. Осыған байланысты қаланың екі ауданында автокөліктер қозғалысы екі жаққа қарай жабылады – 2025 жылғы 11 шілденің сағат 22:00 бастап 14 шілденің сағат 06:00 дейін:

•        Наурызбай ауданында Әшімов көшесінің бойымен Райымбек даңғылынан бастап Базарбай Жұманиязов көшесіне дейін 521 метрлік құбыр ауыстырылады;  

•         Түрксіб ауданында — Бекмаханов көшесімен Сүйінбай даңғылы мен Майлин көшесіне дейін 2 километрді құрайтын жылу желілерін ауыстыру жоспарланып отыр.

Уақытша шектеулер көрсетілген көше сегменттерінің жүргін бөлігінің астымен өтетін магистральдық құбырларды жаңғырту бойынша жоспарланған жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі.

Ағымдағы жылы 1965 және 1984 жылдары пайдалануға берілген жылумен жабдықтау желілерін ауыстыру жоспарлануда. Бұл қысқы мезгілде Наурызбай ауданындағы 4 көппәтерлі үйдің тұрғындарын, бір аурухананы және 2 жеке тұрғын үйді және Түрксіб ауданындағы 42 көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарын, бір балабақшаны, бір емхананы және басқа да 4 объектіні үздіксіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаңғырту жұмыстарын жүргізу мерзімінің ішінде тұтынушыларға ыстық су беру үзілмейді.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС