Алдағы жылыту маусымына дайындық кезеңінде Алматы қаласының Алмалы ауданында жылу жүйелерін жоспарлы жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар аясында 1977 жылы пайдалануға берілген, жалпы ұзақтығы 760 метрді құрайтын жылу жүйелері ауыстырылады.
Осыған байланысты, 2025 жылдың 24 шілдесінен бастап 31 тамызына дейін Жамбыл көшесімен Мұқанов көшесінен бастап Мұратбаев көшесіне дейін автокөліктер қозғалысы жабылады.
Шектеулер көрсетілген көше учаскесінің жүргін бөлігінің астымен өтетін магистральдық құбыржолдарды жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Жаңғырту жұмыстарын жүргізу мерзімінің ішінде тұтынушыларға ыстық су беру үзілмейді.
Аталған жылу жүйесі 5 көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарына, 7 жеке тұрғын үйге және басқа да 4 объектіге жылу энергиясын беруді және ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді.
