Алдағы жылыту маусымына дайындық кезеңінің ішінде Алматы қаласының Түрксіб ауданында жылу желілерін жоспарлы қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар аясында 1965 жылы пайдалануға енгізілген, ұзақтығы 4,1 километрлік жылу желілері ауыстырылуда.
Осыған байланысты 2025 жылғы 25 шілденің сағат 23:00 бастап 28 шілденің сағат 06:00 дейін Лавренев көшесінің бойымен Наманган көшесінен бастап Майлин көшесіне дейін автокөліктер қозғалысы уақытша жабылады. Автокөліктер қозғалысы екі жаққа қарай жабылады.
Шектеулер көрсетілген көше учаскесінің жүргін бөлігінің астымен өтетін магистральдық құбыржолдарды жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Жаңғырту жұмыстарын жүргізу мерзімінің ішінде тұтынушыларға ыстық су беру үзілмейді.
Осы жылу трассасы 42 көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарына, балабақшаға, емханаға және басқа да 4 объектіге жылу энергиясы мен ыстық су беруді қамтамасыз етеді.
