«Алматы жылу жүйесі» ЖШС жылыту және ыстық сумен жабдықтау үшін берешекті айыппұлсыз жабуды қалайтын тұтынушылар үшін «Қарызыңды төлесең – өсімпұлды есептен шығарамыз!» акциясының жалғасып жатқанын еске салады. Акцияның өту мерзімі шектеулі екенін және 2025 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатынын ескертеміз.
Акция іске қосылғалы бері өсімпұлды алып тастау мүмкіндігін 760 борышкер пайдаланып үлгерді.
Бұл акция санкциялар қолданылған борышкерлерге: өсімпұлдың ақшасын үнемдеп қалуға, мүлікке салынған тыйымдарды алып тастауға, банктердегі шоттарды бұғаттан шығарып алуына мүмкіндік береді.
Акцияға қатысу үшін қажетті құжаттар туралы ақпаратты борышкер мына нөмір бойынша «АлЖЖ»-ң анықтама қызметіне хабарласып ала алады: 341-07-77; WhatsApp: +7 (701) 027-11-20 бойынша (тек қана хабарламаларды қабылдау кезінде жұмыс істейді); электрондық поштаға: info@alts.kz немесе тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының (ТҚО) біріне өзі барып біле алады.
ТҚО-ң мекенжайлары және байланыс деректері:
— «Батыс» ТҚО (Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарына қызмет көрсетеді) – «Ақсай-4» шағын ауданы, 51-Б, телефондары: 341-05-30, 341-05-31, WhatsApp: +7 (701) 300-70-69, е-mail: batys@alts.kz;
— «Орталық» ТҚО (Алмалы және Бостандық аудандарына қызмет көрсетеді) – Шапық Шөкин көш., 221-В, телефондары: 341-05-28, 341-05-29, WhatsApp: +7 (701) 300-70-65, е-mail: ortalyc@alts.kz;
— «Шығыс» ТҚО (Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарына қызмет көрсетеді) – Төлебаев көш., 26, телефондары: 341-05-32, WhatsApp: +7 (701) 300-70-54, е-mail: shygis@alts.kz.
Өсімпұл ыстық су мен жылыту үшін берешекті толық жапқан жағдайда алып тасталады. Берешекті төлемеген жағдайда борышкерлер жылумен жабдықтау қызметінен ажыратылады, ал қарыз сомалары – сот арқылы өндіріп алынады.