Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматыда Лавренев көшесі учаскелерінің бірінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

2025 жылғы 26 қарашада сағат 23:00-ден 28 қарашада сағат 6:00-ге дейін Алматы қаласының Түрксіб ауданында Лавренев көшесі бойынша Наманганская көшесіндегі № 43а үйден Майлин көшесіне дейін, батыс жағымен автокөлік қозғалысы шектеледі.

Екі бағыттағы қозғалыс аталған учаскенің шығыс жағында ұйымдастырылатын болады.

Мамандар анықтаған осы көшенің жүру бөлігінің астынан өтетін жылумен жабдықтау желілерінде асфальт жабынының шөгуін жою үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Жұмыстарды мердігер ұйым кепілдік міндеттемелері шеңберінде жүргізетін болады.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.

2025 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС