2026 жылдың 12 мамыры мен 15 мамыры аралығындағы кезеңде Алматының төрт ауданының аумағында жылу желілерінің гидравликалық сынақтары жүргізіледі.
Магистральдық және тарату құбырларын тексеру кезінде, күн сайын таңғы сағат 4:00-ден таңғы 7:00-ге дейін, қала тұрғындары мен қонақтарына алдын ала сақтық шараларын сақтауға кеңес береміз.
Қауіпсіздік шаралары қолданылып жатқанына қарамастан, судың жер бетіне шығып жайылуы, жол жабындысының ішінара қирап-бүліну сияқты оқысжағдайлардың орын алуы ықтимал.
Мұндай жағдайларда өз бетіңізше ешқандай әрекет жасамаңыз, дереу оқиға орнынан кетіп, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталық: 341-07-00 не 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109 телефон нөмірі арқылы аталған оқиға туралы хабарлаңыз.
Жылу желілерінің сынағын өткізудің кестесі:
12 мамыр
Алмалы және Бостандық аудандары: Назарбаев – Сатпаев – Желтоқсан – Тимирязев – Гоголь – Есентай өзені.
13 мамыр
Жетісу ауданы: Айнабұлақ-1,2,3,4 шағын аудандары, «Көкмайса» шағын ауданы, Ангарская – Мақатаев – Палладин – Павлодар көшелерінің қиылысы түзетін аумақ;
Алмалы ауданы: Қарасай батыр – Ислам Каримов – Райымбек – Масанчи.
13 және 14 мамыр
Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов – Сайын – Сәдуақасов.
15 мамыр
Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек – Бродский — Рысқұлов – Сейфуллин.
Аталған аумақтар ауқымында тұратын барлық тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету толықтай жалғаса береді.
Гидравликалық сынақтар қалалық жылу шаруашылығын алдағы жылыту маусымына дайындау шеңберінде жылу желілерінің ахуалын, олардың жабдығының жағдайын тексеру және құбыржолдардың проблемалық, апатқа ұшырауға бейім бөліктерін анықтап, тексеру үшін жүргізілмекші.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!
