Өсімпұл мына жағдайларда есептеледі:
- жылу энергиясы үшін төлем жасалмағанда;
- берешекті жартылай өтегенде;
- төлем есеп айырысатын кезеңнен кейінгі келесі айдың 25-нен кейін жасалғанда.
Уақтылы төлемеген жағдайда тұтынушы кешіктірген әр күні үшін қарыз сомасының ҚР Ұлттық Банкі белгілеген 1,5-еселік қайта қаржыландыру мөлшерлемесі көлемінде өсімпұл төлеуге міндетті. Өсімпұл есеп айырысатын кезеңнен кейінгі келесі айдың 26-ші күнінен бастап есептеледі.
Қазіргі уақытта кәсіпорында «Қарызыңды төлесең – өсімпұлды есептен шығарамыз» акциясы іске қосылды: берешекті толық төлеген жағдайда өсімпұл алып тасталады.
Қарыз жинамаңыз – уақтылы төлеңіз.
