Апат болғанда кім жауап беретінін түсіну үшін жауапкершілік шекарасы қай жерден өтетінін білу керек.
Қарапайым сөзбен айтқанда:
🔹 АлЖЖ жылуды оның көзінен (ЖЭО, қазандық) элеваторлық торапқа дейін жеткізеді. Элеваторлық торап үйдің жертөлесінде орналасқан.
🔹 Әрі қарай бүкіл жабдықтар, оған қоса элеватордың өзі ПИК немесе МИБ теңгерімінде тұр. Олар үйішілік жылыту жүйесінің жай-күйі, оның қауіпсіздігі және бүкіл үйге ортақ есепке алу аспаптарының сақталуы үшін жауапты. Бұл Жылу энергиясын пайдалану қағидаларында бекітілген.
ПИК және МИБ жабдықтарына олар өздері немесе мамандандырылған ұйыммен шарт жасасу арқылы қызмет көрсете алады.
Тұрғындар не істеу керек?
Егер кіреберісте немесе жертөледе құбыр жарылса, радиатор немесе тікқұбыр тесілсе, бірден өз ПИК-ң немесе МИБ-ң апат қызметіне қоңырау шалыңыз.
Апат қызметінің нөмірін алдын ала сақтап қойыңыз.
