Төлем бойынша мерзімін кейінге қалдыруға өтініш
Жылу энергиясымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілген қызметтер үшін дебиторлық берешекті қайта құрылымдау туралы
Сізге тұтынылған жылу энергиясы үшін төленбеген берешекті өтеу үшін кепілдікті міндеттемені ресімдеу мақсатында «АлЖЖ» ЖШС-не хабарласып, одан соң келесі шарттар бойынша берешекті өтеу кестесін жасау қажет:
1. «АлЖЖ» ЖШС -пен жеке шарттар жасасқан заңды және жеке тұлғалар кепілдік міндеттемені ұсынатын тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжаттарды (сенімхат, бұйрықтың көшірмесі) ұсына отырып:
— елеулі дәлелдер болған жағдайда (сот даулары, ЖЭЕА істен шығумен немесе уақтылы рұқсат берілмеуіне байланысты жүктемелер бойынша 30 күннен астам есептеулер), берешек сомасының 30 % төлеген кезде, 6 (алты) айға дейінгі мерзімге өсімпұлдардың есептелуін тоқтата тұрып және тұтынушының өзара есеп айырысуларды салыстыру актісіне міндетті түрде қолы қойылған кезінде.
2. Бюджеттік ұйымдар елеулі дәлелдер (бюджеттік бағдарлама әкімшісінен қаржыландырудың ауысуы туралы жазбаша растау, ЖЭЕА істен шығумен немесе оған уақтылы рұқсат берілмеуіне байланысты жүктемелер бойынша 30 күннен астам есептеулер) болған кезінде өсімпұлды есептеуді тоқтата отырып, және тұтынушының өзара есеп айырысуларды салыстыру актісіне міндетті түрде қолы қойылған кезінде.
3. Жеке тұлғаларға (Жария шарт бойынша жылу энергиясын тұтынушылар) жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттарды және жеке куәліктің көшірмесін ұсына отырып:
— халықтың әлеуметтік осал топтарынан (мүгедектер, ҰОС қатысушылары, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, зейнеткерлер, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар) берілген өтініштер — осы мәртебенің растауы тексеріле отырылып — қаралады, берешек сомасының 30 % мөлшерінде төлем жасаған кезде, 6 (алты) айға дейінгі мерзімге өсімпұлды есептеуді тоқтата отырып және тұтынушының өзара есеп айырысуларды салыстыру актісіне міндетті түрде қолы қойылған кезінде.
Ескерту:
Өндірілген сомаға сот шешімі немесе атқару парағы болған жағдайда берешекті кезең-кезеңімен өтеу құқығы берілмейді.