Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматыда инженерлік желілерді жоспарлы қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты қаланың екі ауданындағы көшелердің жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойықлады.
2026 жылдың 8 маусымынан бастап жылу желілерін қайта жаңғырту кезінде көшелердің келесі учаскелерінде көлік қозғалысы шектеледі:
- Карпатская көшесі: №38 бөбекжай-бақшадан Куприн көшесіне көше отырып, одан әрі Калининград көшесінің бойымен №29 үйге дейін;
- Тоқтабаев көшесі: Пришвин көшесінен Сүлейменов көшесіне дейін және Сүлейменов көшесінен №20А үйге дейін.
Уақытша шектеулер аталған көше аумақтарының көлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды қайта жаңғырту жөніндегі жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілмекші.
Аталған нысандар бойынша биыл 1983 және 1988 жылдары пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 700 метр жылу желілерін ауыстыру жоспарлануда. Бұл жұмыстарды атқару алдағы қыс мезгілінде 4 көппәтерлі тұрғын үй, 2 жеке тұрғын үй, 1 балабақша және басқа да нысандардың тұрғындарын тұрақты түрде жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге қайта жаңғырту кезеңінде тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету сақталады.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!


