Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алдымен жылу, содан кейін төлем: жылу энергиясын есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша жылыту ақысы қалай есептеледі.

Жылу эгнергиясын есепке алудың жалпыүйлік аспаптарымен (ЖЕАА) жабдықталған көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары (бүгінде Алматы қаласында мұндай үйлердің үлесі 90%-дан асады)  ғимаратқа жылу жеткізілген жерде тіркейтін  жылу жеткізгіштің барлық параметрлерін (жылу жеткізгіштің температурасы, оның көлемі және т.б.) ескере отырып, нақты тұтынылған жылу энергиясы үшін ақы төлейді.

Неліктен түбіртектегі жылыту ақысы ағымдағы ай үшін есептелмейді?

Егер тұрғын үй ЖЕАА-мен жабдықталған болса, тұрғындар нақты тұтынылған жылу энергиясы үшін ақы төлейді. Алдымен жылу үйге беріледі және үйді жылытуға пайдаланылады, содан кейін мамандар осы ЖЕАА көрсеткіштерін алып, деректерді өңдейді және тиісті есептік кезең үшін төлемді есептейді.

Басқаша айтқанда, егер жылыту   қазан айында қосылса, бұл қызмет үшін төлемді тек қараша айындағы түбіртек бойынша төлей бастайсыз. Түбіртекте есептік кезең есептеу бағанының өзінде көрсетіледі.

Мысалды қарастырайық. Жалпы ауданы 1 235,3 м² тұрғын үйге жылыту 9 қазанда қосылды. Бұл үйдің есептік кезеңі – алдыңғы айдың 20-сынан бастап ағымдағы айдың 19-ына дейін, яғни қазан айының 19-ына дейін. 9 қазаннан 19 қазанға дейінгі кезеңде ЖЕАА 5,061 Гкал көлемінде жылу энергиясының тұтынылғанын тіркеді. Демек, пәтердің 1 м² ауданына 0,004096 Гкал жылу энергиясы жұмсалған.

5,061 Гкал / 1 235,3 м² = 0,004096 Гкал/м²

Мысалы, ауданы 44,1 м² пәтер үшін жылу энергиясының көлемі 0,181 Гкал құрайды немесе:

0,181 Гкал × 9 909,49 теңге/Гкал = төленуге тиіс сома 1 793,62 теңге.

Осылайша, қараша айындағы түбіртекте тиісті есептік кезеңдегі нақты тұтынылған жылу энергиясы үшін төленуге тиіс сома көрсетіледі.

ЖЕАА болған жағдайда төлем алдын ала немесе жоспарлы тұтыну көлемі бойынша емес, аспап тіркеген  нақты пайдаланылған жылу көлемінің негізінде, уәкілетті орган белгілеген тарифті қолдану арқылы есептелетінін түсіну маңызды.

2026 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС