Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматы қаласында «Алматы жылу жүйесі» ЖШС реконструкциялау объектілері бойынша баспасөз туры өтеді

2023 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Тарифті инвестицияларға айырбастау» қағидатына көшуді іске асыру шеңберінде 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны орындау бойынша «Алматы жылу жүйесі» ЖШС объектілері бойынша баспасөз турын өткізуді жоспарлап отыр.

Баспасөз туры «НС-17, 19 қайта жаңартумен «Айнабұлақ» ТМ 18 жылу магистралін НС-18-ден НС-19-ға дейін ТК 18-51-ге дейін қайта жаңарту» және «Бродский, Казаков көшесі, Райымбек даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейін Ут-5Т-8-ден ТГК-5б-19-ға дейінгі жылу желілерін қайта жаңарту,» жөндеу жұмыстары бойынша жүргізілетін болады.

Осыған байланысты Департамент осы іс-шараға мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.

Жиналу орны мен уақыты: 2023 жылғы 28 тамызда сағат 14:20-да, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 67.

Қатысқан жағдайда, тізімдерді қалыптастыру және отырғызу орындарын қамтамасыз ету үшін Департаментті 2023 жылғы 25 тамыз сағат 17:00-ден кешіктірмей хабардар етуді сұраймыз.

БАҚ-ты аккредиттеу баспасөз туры 2023 жылғы 25 тамыз сағат 17:00-ге дейін жалғасады.

Туындаған сұрақтар бойынша телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (727)-357-27-41.

Аккредиттеу мәселелері бойынша +7-701-711-1997 телефоны бойынша хабарласуға болады.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС

Құрметті тұтынушылар!

Наурыз мерекесін тойлау құрметіне 21-25 наурыз аралығындағы күндер демалыс және мереке күндері болып жарияланды.
Жұмыс 26 наурыздан бастап кәдімгі тәртіпте жалғасады.

Барлығыңызды келешек мерекемен құттықтаймыз! Осы керемет уақытта жан жылуыңыз мол, бақыт пен береке тілейміз!


Уважаемые потребители!
Сообщаем, что в честь празднования Наурыза с 21 по 25 марта объявлены выходными и праздничными днями.
Работа возобновится в прежнем режиме с 26 марта.
Поздравляем всех с наступающим праздником! Желаем вам радости, благополучия и душевного тепла в это прекрасное время!

Он будет закрыт в 0 секунд