Алматы қаласы, Жетісу ауданыда 2024 жылғы 3 маусымынан бастап 15 қыркүйегіне дейін Бродский көшесі бойынша Казаков көшесінен автобус паркіне дейін (Бродский көшесі, 37Г) автокөлік үшін жол қозғалысы жабылады.
Жол қозғалысы екі жаққа да жабылады.
Уақытша шектеулер осы аталған көше сегментінде орналасқан жол қозғалыс бөлігінің астынан өтетін, 1980 жылдан бастап пайдалануға берілген ұзындығы 1502,5 метр құбырларды қайта құрылымдау учаскелерінде жоспарлы жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін енгізіледі. Бұл құбыр 73 нысанды жылумен қамтамасыз етеді.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және көрсетілген учаскелерді айналып өту жолдарын алдын-ала қарастыруларыңызды сұраймыз.