Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматы қаласында «Қарызды төле – өсімпұлды алып тастаймыз!» атты акция басталды

Жылыту және ыстық сумен жабдықтау қызметтері үшін коммуналдық кәсіпорын алдындағы қарыздарын айыппұлсыз төлегісі келетін жылу энергиясын пайдаланатын тұтынушылар үшін  Алматы қаласында «Қарызды төле — өсімпұлды алып тастаймыз!» атты акция іске қосылды.

Өсімпұлды алып тастаумен үнемдеу мүмкіндігінен басқа, бұл мүлікке шектеулер мен тыйым салуларды, сондай-ақ, олар салынған төлеушілердің банктердегі есептік шоттарынан шектеулерді алып тастауға мүмкіндік береді.

Акцияға қатысу үшін ағымдағы жылдың қазан айынан желтоқсан айының соңына дейін берешекті толық төлеп, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-на өтінішті, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, негізгі борышты (кассалық чекті) төлегенін растауды мына электрондық поштаға ұсыну қажет: info@alts.kz немесе орналасқан аумақ бойынша ТҚКО (тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарына) біріне жүгіну керек.

ТҚКО мекен-жайлары және байланыс деректері:

— «Батыс» ТҚКО (Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарына қызмет көрсетеді) – «Ақсай-4» ықшам ауданы, 51-Б, телефондары: 341-05-30, 341-05-31, WhatsApp: +7 (701) 300-70-69, е-mail: batys@alts.kz;

— «Орталық» ТҚКО (Алмалы және Бостандық аудандарына қызмет көрсетеді) – Шапық Шөкин көшесі, 221-В, телефондары: 341-05-28, 341-05-29, WhatsApp: +7 (701) 300-70-65, е-mail: ortalyc@alts.kz;

— «Шығыс» ТҚКО (Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарына қызмет көрсетеді) – Наманған көшесі, 39-А, телефондары: 341-05-32, 341-05-33, WhatsApp: +7 (701) 300-70-54, е-mail: shygis@alts.kz.

Сондай-ақ, мына телефон 341-07-77 нөміріне қоңырау шалу арқылы Alts анықтамалық қызметіне хабарласу арқылы берешек туралы ақпарат немесе жылу энергиясын есептеу бойынша кеңес алуға болады. Сонымен қатар, WhatsApp нөмірі әрекет етеді: +7 (701) 027-11-20 (тек хабарламаларды қабылдау үшін жұмыс істейді).

Берешек төленбеген жағдайда, төлемеушілер жылумен жабдықтау қызметтерінен өшіріледі, ал қарыздар сомасы сот арқылы өндіріп алынады.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС