Жылыту және ыстық сумен жабдықтау қызметтері үшін коммуналдық кәсіпорын алдындағы қарыздарын айыппұлсыз төлегісі келетін жылу энергиясын пайдаланатын тұтынушылар үшін Алматы қаласында «Қарызды төле — өсімпұлды алып тастаймыз!» атты акция жалғасуда.
Бір ай ішінде акцияны іске қосқаннан бастап берешектерінің жалпы сомасы 19 143 333,28 теңге 171 борышкер өсімпұлды алып тастау мүмкіндігін пайдаланды, акция аясында жалпы сомасы 9 154 707,59 теіге өсімпұл есептен шығарылды.
Естеріңізге сала кетейік, акцияның әрекет ету мерзімі шектелген және 2023 жылғы 29 желтоқсанында аяқталады.
Өсімпұлды алып тастаумен үнемдеу мүмкіндігінен басқа, бұл мүлікке шектеулер мен тыйым салуларды, сондай-ақ, олар салынған төлеушілердің банктердегі есептік шоттарынан шектеулерді алып тастауға мүмкіндік береді.
Акцияға қатысу үшін ағымдағы жылдың 29 желтоқсанына дейін берешекті толық төлеп, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-на өтінішті, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, негізгі борышты (кассалық чекті) төлегенін растауды мына электрондық поштаға ұсыну қажет: info@alts.kz немесе орналасқан аумақ бойынша ТҚКО (тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарына) біріне жүгіну керек.
ТҚКО мекен-жайлары және байланыс деректері:
— «Батыс» ТҚКО (Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарына қызмет көрсетеді) – «Ақсай-4» ықшам ауданы, 51-Б, телефондары: 341-05-30, 341-05-31, WhatsApp: +7 (701) 300-70-69, е-mail: batys@alts.kz;
— «Орталық» ТҚКО (Алмалы және Бостандық аудандарына қызмет көрсетеді) – Шапық Шөкин көшесі, 221-В, телефондары: 341-05-28, 341-05-29, WhatsApp: +7 (701) 300-70-65, е-mail: ortalyc@alts.kz;
— «Шығыс» ТҚКО (Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарына қызмет көрсетеді) – Наманған көшесі, 39-А, телефондары: 341-05-32, 341-05-33, WhatsApp: +7 (701) 300-70-54, е-mail: shygis@alts.kz.
Сондай-ақ, мына телефон 341-07-77 нөміріне қоңырау шалу арқылы АлЖЖ анықтамалық қызметіне хабарласу арқылы берешек туралы ақпарат немесе жылу энергиясын есептеу бойынша кеңес алуға болады. Сонымен қатар, WhatsApp нөмірі әрекет етеді: +7 (701) 027-11-20 (тек хабарламаларды қабылдау үшін жұмыс істейді).
Берешек төленбеген жағдайда, төлемеушілер жылумен жабдықтау қызметтерінен өшіріледі, ал қарыздар сомасы сот арқылы өндіріп алынады.