Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматы қаласында Қазыбек би мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысы бойынша қозғалыс уақытша жабылады

2023 жылғы 1 шілдеде сағат 22.00-ден бастап 2023 жылғы 2 шілде сағат 22.00-ге дейін Алматы қаласының Медеу ауданында Қазыбек би мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы жабылады.
Аталған қиылыстағы қозғалыс екі жаққа да жабылады.
Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін құбырға ағымдағы жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС