Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматы қаласында түнгі уақытта Исиналиев көшесі учаскелерінде жол қозғалысы шектеледі

Алматы қаласының Бостандық ауданында 2024 жылғы 31 мамыр сағат 21.00 бастап 1 маусым сағат 12.00 дейін Исиналиев көшесі бойынша К.Байдосов көшесінен Мамыр көшесіне дейін автокөлік үшін жол қозғалысының жүрісі жабық болады.

Жол қозғалысы екі жаққа да жабық болады.

Уақытша шектеулер аталған көше сегментінде орналасқан жол қозғалысы бөлігінен өтетін жылу желілері учаскесінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету үшін енгізіледі.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және көрсетілген учаскелерді айналып өту жолдарын алдын-ала қарастыруларыңызды сұраймыз.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС