10 мамырдан 30 тамызға дейін Алматы қаласында жылу желілерін жоспарлы қайта құрылымдауға байланысты бірнеше көше бойынша автомотокөліктердің қозғалысы шектелетін болады.
Медеу ауданында Қазыбек би көшесімен (Уәлиханов көшесінен Абдуллиндер көшесіне дейін) өтетін жол жабылады.
Бостандық ауданында қозғалыс Ганди көшесімен («Нұрсұлтан Назарбаев қоры» ЖҚ-дан Батыс Желтоқсан көшесіне дейін) тоқтатылады.
Енгізілген шектеулер аталған көше сегменттерінің жүріс бөлігінің астынан өтетін құбырларды қайта құрылымдау бойынша жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.
Тұрғындарға қолайлы жағдайларды сақтау үшін олардың үйлеріне ыстық су уақытша схемалар бойынша беріледі.
Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және аталған қалалық учаскелерді аналып жүру жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.