Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматы қаласында жылу желілерін қайта құрылымдау кезінде бірнеше көше бойынша жол жүру уақытша шектеледі

Алматы қаласында автомотокөліктердің қозғалысы жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты бірнеше көше бойынша ішінара шектелетін болады.
2023 жылғы 16 тамызда сағат 10.00-ден бастап Әуезов ауданында Сүлейменов көшесімен (автобус жолағы бойынша) Тоқтабаев көшесінен Пятницкий көшесіне дейін, сондай-ақ Түрксіб ауданында 16 тамызда сағат 21.00-ден 17 тамызда сағат 06.00-ге дейін Сейфуллин көшесінен Монтина көшесіне дейін (шығыс бағытта) көліктік шектеулер енгізіледі.
Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз. 

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС