Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматы қаласында жылу желілерін қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізу кезінде бірнеше көшелер бойынша жол жүрісінің қозғалысы шектеледі

2023 жылғы 8 маусым мен 30 тамыз аралығында Алматы қаласында жылу желілерін жоспарлы қайта құрылымдау жұмыстарына байланысты бірнеше көшелер бойынша автомотокөліктердің қозғалысы шектелетін болады.

Медеу ауданында Қажымұқан көшесімен (Госпитальная көшесінен Достық даңғылына дейін) өтетін жол жабылады,
Бостандық ауданында қозғалыс жүрісі Гагарин көшесімен (Ходжанов көшесінен Есқараев көшесіне дейін), Есқараев көшесімен (Гагарин көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін) тоқтатылады.

Жетісу ауданында Райымбек даңғылының солтүстік жағымен (Байзақов көшесінен Казаков көшесіне дейін), одан әрі Казаков көшесімен (Райымбек даңғылынан Бродский көшесіне дейін) өтетін жол жабылады.

Әуезов ауданында Кіші Сайын көшесінің батыс жағына қарай (Ұлықбек пен Шаляпин көшелерінің арасы) жол жабылады.

Енгізілген шектеулер аталған көшелер сегменттерінің жүріс бөлігінің астынан өтетін құбырларды қайта құрылымдау бойынша жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.

Тұрғындарға қолайлы жағдайларды сақтау үшін олардың үйлеріне ыстық су уақытша схемалар бойынша беріледі.

Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және аталған қалалық учаскелерді айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС