Алматы қаласында 12 мен 17 қыркүйек аралығында көшелер бойынша автомотокөліктердің қозғалысы шектеледі:
— Медеу ауданында Бегалин көшесі бойынша №55 тұрғын үйден Қабанбай батыр көшесіне дейін;
— Алмалы ауданында Досмұхамедов көшесі бойынша №83 тұрғын үйден Қабанбай батыр көшесіне дейін.
Аталған көше сегменттерінің жол жүру бөліктерінің астынан өтетін магистральдық құбырлар учаскелерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және аталған қалалық аумақтарды айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.