Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматы қаласында жылыту маусымы қашан басталады

Алматы қаласында жаңа жылыту маусымының ашылуы метеорологиялық болжамдар мен ауа райының күнделікті мониторингі негізінде айқындалады.

Жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес Алматы қаласында уәкілетті органның қаулысы бойынша сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы +8°С және одан төмен болған кезде бес тәулік ішінде объектілерді кезең-кезеңімен қосу басталады.

Тұтынушыларды жылумен жабдықтауға қосу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

— бала бақшалар, емханалар, мектеп мекемелері, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;

— тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер;

— әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;

— басқа ғимараттар.

Ауа райы болжамы талап етілетін нормаларға сәйкес келгеннен кейін «Алматы жылу жүйесі» ЖШС тұтынушыға дейін (үйдің кірмесіне дейін) жылу беруді қамтамасыз етеді.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС