Алматыда қыркүйек айының соңына дейін Журавлев көшесінің бойымен қозғалыс шектеледі
Алматыда 1980 жылдан бері пайдаланып келе жатқан құбыржолды ауыстыру үшін Журавлев көшесінің бойымен қозғалыс шектеледі
Алматыда Журавлев көшесінің бойымен қозғалыс шектеледі
20 қыркүйек күні сағат 06:00 бастап 30 қыркүйектің сағат 06:00 дейін Алматы қаласының Бостандық ауданында автокөліктердің қозғалысы Журавлев көшесінің бойымен Серкебаев даңғылынан бастап Сеченов көшесіне дейін шектеледі. Қозғалыс екі жаққа қарай жабылады.
Уақытша шектеулер жүргін бөліктің астымен өткен, 1980 жылдан бері пайдалануға енгізілген, жалпы ұзақтығы 673 метрді құрайтын құбыржолды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі.
Жаңғыртуды жүргізу кезеңінің ішінде аталған тұтынушыларға ыстық су жеткізу сақталады.
Еске саламыз, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде орналастырылған.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және оларға түсіністікпен қарауды сұраймыз.