Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматы қаласының Жетісу ауданында 80-шы жылдардың басында төселінген магистралдық құбырларды ауыстыру жұмыстары жүргізіледі

Алматы қаласы Жетісу ауданы Айнабұлақ-2 шағын ауданының аумағында орналасқан жылу желілерін қайта құрылымдау шамамен 2,1 км магистралдық құбырларды құрайды. 2022 жылы басталған үш жылдық қайта құрылымдау жобасы ағымдағы жылдың қыркүйегінде аяқталады. Бұл жылыту маусымы кезеңінде жылу желілерінің тұрақты және апатсыз жұмыс істеуіне ықпал етеді. Өткен ғасырдың 80-шы жылдары төселінген Айнабұлақ-2 шағын ауданынан бастап соңғы он жыл ішінде 36 зақымданулар орын алған Жұмабаев пен Мақатаев көшелерін қоса алғанда, Павлодар көшесіне дейінгі магистралдық құбырларды ауыстыру 344 көппәтерлі тұрғын үйлерді, 11 мектепті, 3 денсаулық сақтау мекемесін және 483 өзге де объектілерді сапалы және үздіксіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Көрсетілген қалалық секторда тұратын тұрғындар үшін жайлылық жағдайды сақтау үшін ыстық су мердігер ұйыммен уақытша жүргізілген құбырлары арқылы жергілікті халыққа берілетін болады.
Жылу трассасын қайта құрылымдаудың соңғы кезеңінде жаяу жүргіншілер үшін Айнабұлақ-2 шағын ауданында орналасқан аллея бойынша жүру 32А үйден Жұмабаев көшесіне дейін уақытша өзгереді. Адамдар үшін өтетін жер аллеяның орталық бөлігінен екі жаққа да ашық болады.
Қоршауларды орнату жұмыстарын бастау 26 мамырдан бастап жоспарланып отыр. Жобамен бұрын онда орналасқан кіші инфрақұрылымды, балалар мен спорт алаңдарын қоса алғанда, жаяу жүргінші аллеясы мен жол төсемін қалпына келтіру көзделген. «САПА ҚҰРЫЛЫС 2007» ЖШС мердігерлік ұйымы Жетісу ауданында жобаны іске асыру кезеңінде барлығы 5,9 км желілерді қайта құрылымдайды. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2024 жылы жалпы ұзындығы 20,0 км құрайтын жылу желілерінің 23 объектісіне қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіледі, бұл жылу желілерінің тозу пайызын 1,8%-ға төмендеуіне ықпал етеді. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС