Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматы қаласының Медеу ауданында 1979 жылы пайдалануға берілген жылу трассасы ауыстырылады

Алматыда Уәлиханов көшесіндегі учаскеде қозғалыс шектеледі

Алматыда 1979 жылғы құбырлар ауыстырылатындықтан Уәлиханов көшесінің учаскелерінде жүру уақытша шектеледі

Алматы қаласының Медеу ауданында Уәлиханов көшесінің учаскесінде қозғалыс шектеледі

Алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде Алматы қаласының Медеу ауданында 1979 жылы пайдалануға берілген 250 метрлік жылу трассасы ауыстырылады.

Осыған байланысты Уәлиханов көшесі бойынша Әлімжанов көшесінен бастап № 58 үйге дейінгі учаскеде автокөлік қозғалысына шектеу жасалады.

Қозғалыс құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізіліп жатқаны ескеріліп кезек-кезеңімен шектеледі:
— 2026 жылдың 15 маусымынан бастап Әлімжанов көшесінен Жібек Жолы даңғылына дейін;
— 4 шілдеден бастап Жібек Жолы даңғылы арқылы өтпе жол;
— 7 шілдеден бастап Уәлиханов көшесімен Жібек Жолы даңғылынан бастап № 58 үйге дейін.

Бұл шектеу көшенің жүру бөлігінің астымен өтетін құбыржол учаскесін жаңғырту бойынша жоспарланған жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі.

Жаңғырту жұмыстары жүргізілетін уақыттың ішінде тұтынушыларды ыстық сумен жабдықтау сақталады.

Осы жылу желісі 1 көппәтерлі тұрғын үйді, 1 денсаулық сақтау объектісін және басқа да 11 объектіні жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

2026 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС