Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматы жылу желілерінде СЖҚКҚ қызметкерлері жылу инспекциясының қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында түсіндірме әңгіме өткізді

ТБН-4-ті орындауға сәйкес және 2022-2026 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары және Кәсіпорын қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру мақсатында негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары шеңберінде 2023 жылғы 10 шілдесінен бастап 2023 жылғы 14 шілдесіне дейін жылу инспекциясының қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында түсіндірме әңгіме өткізілді.

     Семинар-мәжілісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің барлық көріністерінде маңыздылығы атап өтілді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту бойынша шаралар қабылданады және қабылданатын болады. Семинар-мәжіліске қатысушыларға мынадай ұғымдар түсіндірілді:

— сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар;
— пара алу;
— пара беру;
— пара ұғымына не кіреді;
— пара алу және беру үшін жауапкершілік.

Семинар-мәжіліс соңында пара ұсынған немесе бопсалаған жағдайда қажетті әрекеттер мен шаралар туралы айтылды.
Семинар-мәжіліске «Алматы жылу жүйесі» ЖШС 70-тен астам қызметкері қатысты.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС