Сейсенбі күні, 2024 жылғы 23 сәуірде (басталу уақыты 15:00, аяқталу уақыты 17:30) тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жылу энергиясын беру, бөлу жөніндегі кәсіпорын қызметі туралы 2023 жылдың қорытындысы бойынша жыл сайынғы есеп бойынша тыңдаулар өтті. «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-да (бұдан әрі – «АлЖЖ») жария тыңдаулар Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 221 үй, 3-қабат, 319 кабинет мекен-жайында өткзілді. Сондай-ақ, ZOOM конференциясы арқылы онлайн тарнсляция өткізілді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша негіздемелерімен тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жылу энергиясын беру, бөлу — реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша «АлЖЖ» ЖШС қызметі туралы есеп (бұдан әрі –Есеп)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығының 299-тармағына сәйкес есеп келесі ақпаратты қамтиды:
- табиғи монополи субъектісі туралы жалпы ақпарат.
- бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы.
- бекітілген тарифтік сметаның баптардан кейінгі орындалуы туралы.
- реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы.
- табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы.
- табиғи монополия субъектісі қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы.
- реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы.
- реттеліп көрсетілетін қызметтер тұтынушыларымен жүргізілетін жұмыс туралы.
- қызметтің перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде тарифтердің ықтималдық өзгерістері туралы.
1. «АлЖЖ» ЖШС туралы жалпы ақпарат.
«АлЖЖ» ЖШС жылу энергиясын беруді, бөлуді және жабдықтауды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектісі болып табылады.
«АлЖЖ» ЖШС негізгі қызметі «Алматы электр станциялары» АҚ (ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЗТК), «Алматыжылужайэнерго» ЖШС (85 қазандық) жылу көздерінен жылу энергиясын тасымалдауды қамтамасыз ету және Алматы қаласының тұтынушыларының жылытуға және ыстық сумен жабдықтауға жылу энергиясымен қамтамасыз ету болып табылады.
2023 жылғы 31 желтоқсан жағдайы бойынша жылу желілерінің ұзындығы 1 385,3 км құрайды, оның ішінде:
- Магистралдық жылу желілері (МЖЖ) — 296,4 км;
- Тарату жылу желілері (ТЖЖ) – 1 088,9 км.
Жылу желілері жұмыстарының гидравликалық режимін қамтамасыз ету үшін – 69 сорғы станциясы орнатылды (магистральдық сорғылар – 20 бірлік, тарату – 49 бірлік), оның ішінде:
Жылу желілерінде ЫСЖ ең жоғары жүктемелерін теңестіру үшін 24 бак-аккумулятор орнатылған.
- жылғы 31 желтоқсан жағдайы бойынша пайдалану мерзімі 25 жылдан жоғары жылу желілерінің үлесі 57,9% немесе 802,6 км құрайды, оның ішінде
- ТЖЖ: 64,4% немесе 700,9 км;
- МЖЖ: 34,3% немесе 101,7 км.
Желілердің негізгі үлесін диаметрі 40-тан 400 мм-ге дейінгі 1 193,89 км (86,18%) құбырлар құрайды, диаметрі 500-ден 1 000 мм-ге дейінгі желілердің үлесі 191,46 км (13,82%) құрайды.
Жыл сайын «АлЖЖ» ЖШС жылу желілерінің жалпы ұзындығына «АлЖЖ» ЖШС теңгеріміне берілген жаңадан салынған және коммуналдық жылу желілері қосылады. «АлЖЖ» ЖШС жылу желілерінің ұзындығы 2022 жылмен салыстырғанда 25,42 км-ге ұлғайды.
Магистральдық жылу желілеріндегі зақымданудың төмендеуі магистральдық желілерді алдын-ала оқшауланған орындаумен жыл сайын қайта құрылымдау есебінен оң нәтиже көрсетеді.
2. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы.
ҚР ҰЭМ 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығының (бұдан әрі – ТҚҚ) 6-тарауының 335-тармағына сәйкес «АлЖЖ» ЖШС-ның инвестициялық бағдарламасы Қазақстан Республикасының даму басымдықтары мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, әзірленді, тиісінше онда мыналарға бағытталған іс-шаралар көзделген:
— қолданыстағы активтерді кеңейту, жаңғырту, қайта құрылымдау, жаңарту, реттелетін жылумен жабдықтау қызметін ұсынудың технологиялық циклінде тікелей пайдаланылатын жаңа активтерді құру;
— энергия үнемдеуді қамтамасыз ету және энергия тиімділігін арттыру;
— реттеліп көрсетілетін қызметтердің (жылыту және ыстық сумен жабдықтау) сапасын арттыру.
ТҚҚ 6-тарауының 338-тармағына сәйкес бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыру «АлЖЖ» ЖШС тарифінде ескерілген пайда мен амортизациялық аударымдар есебінен жүзеге асырылуы тиіс. Инвестициялық бағдарламаның тарифтік сметасына ішінара қосу жылу желілерінің тозуын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік бермейтінін атап өткен жөн.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті (бұдан әрі – ТМРКД) 2024 жылғы 22 ақпандағы №23-НҚ үшін 2023 жылғы инвестициялық бағдарламаны орындау жоспарына сомасы 1 902 млн.теңгеге түзету бекітті, іс жүзінде 2023 жыл үшін инвестициялық бағдарламаның нақты орындалуы бойынша сомасы 1 895 млн. теңгені құрады, яғни инвестициялық бағдарлама 99,6% орындалды.
ҚҚС-сыз
3. Бекітілген тарифтік сметаның баптардан кейінгі орындалуы туралы.
2023 жыл үшін жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау қызметтеріне тарифтік сметаны орындау.
ҚҚС-сыз
№ р/с | Көрсеткіштер атауы | Өлшем бірлігі | Бекітілген тарифтік смета | 2022 ж. үшін орындалу | % | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
I. | Тауарларды өндіруге және қызметтерді ұсынуға арналған шығындар, барлығы | мың теңге | 18 017 106,6 | 22 638 060,4 | 26% | |
1 | Материалдық шығындар, барлығы | мың теңге | 1 978 056,1 | 2 080 409,0 | 5% | |
оның ішінде: | ||||||
1.1 | Шикізат пен материалдар | мың теңге | 91 755,2 | 91 635,4 | -0,1% | Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемдеу |
1.2 | ЖЖМ | мың теңге | 91 022,0 | 140 749,4 | 55% | Артық шығындардың себептері: — бензин құнының 33% — ға, диз.отын 46% (2020-2023жж. бастап)өсуі; — автокөліктің жоғары тозуына байланысты ЖЖМ шығынын ұлғаюы |
1.3 | Су және кәріз | мың теңге | 25 021,9 | 29 117,1 | 16% | Артық шығын «Алматы Су» МКК тарифінің 69% — ға өсуімен байланысты (2023 жылғы 1 шілдеден бастап). |
1.4 | Энергия | мың теңге | 1 770 257,1 | 1 818 907,10 | 3% | Артық шығындардың себептері: — электр энергиясына тарифтің 1 шілдеден бастап 13%-ға өсуі; − «АлЭС» АҚ жылу көздерінің жылу энергиясына тарифтердің өсуі (1 тамыздан бастап) — 13,7%, «АЖЖЭ» ЖШС (1 тамыздан бастап) — 39%. |
2 | Еңбекке ақы төлеу шығыстары, барлығы | мың теңге | 6 590 077,8 | 6 618 888,0 | 0,4% | |
3. | Амортизация | мың теңге | 1 959 227,0 | 5 319 402,0 | 172% | Артық шығын кәсіпорынның теңгеріміне қайта жаңартылған магистральдық және тарату желілерін қабылдаумен байланысты, бұл негізгі құралдардың амортизациялық шығындарын арттырады. |
4. | Нормативтік ысыраптарға арналған шығындар | мың теңге | 6 202 410,8 | 6 815 370,3 | 10% | Артық шығындардың себептері: — «АЖЖЭ» ЖШС химиялық тазартылған су құнының өсуі-23%. — кәсіпорынның теңгеріміне желілерді қабылдау (25 км). |
5. | Жөндеу | мың теңге | 1 065 362,9 | 1 378 718,0 | 29% | Артық шығындардың себептері: — асфальт құнын 12%-ға арттыру — МЖЖ апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының көлемін ұлғайту (10%), 2023ж. 31.12 жағдайы бойынша желілердің тозуы 57,9% құрайды. |
6. | Салықтар (экологиялық төлемдер) | мың теңге | 1 272,8 | 1 356,8 | 7% | Артық шығын қоршаған ортаға теріс әсер ететін шығарындылар санын ұлғайту есебінен пайда болды (автокөліктің жоғары тозуына байланысты ЖЖМ есептен шығару). |
7. | Бөгде ұйымдардың қызметтері, барлығы | мың теңге | 220 699,2 | 423 916,4 | 92% | |
II. | Кезеңдің шығындар, барлығы | мың теңге | 2 015 386,0 | 2 128 712,6 | 6% | |
9. | Сыйақы төлеуге арналған шығындар, барлығы | мың теңге | 5 748,5 | 5 748,5 | 0% | «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша кредиттік шарт |
III | Қызмет көрсетуге арналған барлық шығындар | мың теңге | 20 038 241,11 | 24 772 521,59 | 24% | |
IV | Пайда (+)/шығын (-) | мың теңге | 0,0 | -4 665 944,5 | ||
V | Барлық кірістер | мың теңге | 20 038 241,1 | 20 106 577,0 | 0,3% | |
VI | Көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі | мың теңге | 6 795,4 | 6 818,6 | 0,3% | |
VII | Нормативтік техникалық ысыраптар | % | 15,23% | 16,16% | 6% | |
мың Гкал | 1 220,5 | 1 313,8 | 8% | |||
VIII | Тариф (ҚҚС-сыз) | теңге/Гкал | 2 948,78 | 2 948,78 | 0 % |
4. Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапа және сенімділік көрсеткіштері туралы.
Реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері және субъект қызметінің тиімділік көрсеткіштері тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып, тарифті қалыптастыру кезінде бекітіледі (2019 жылғы 13 тамыздағы №73 Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының 13-Тарауы).
«АлЖЖ» ЖШС үшін тариф пен тарифтік сметаның бес жылдық шекті деңгейі шығынды әдіспен бекітілді, осыған байланысты, реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері және субъект қызметінің тиімділік көрсеткіштері бекітілмеген (2022 жылғы 11 қаңтардағы №143-НҚ бұйрығы).
5. Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапа және сенімділік көрсеткіштері және табиғи монополиялар субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштері туралы:
Реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері және субъект қызметінің тиімділік көрсеткіштері тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып, тарифті қалыптастыру кезінде бекітіледі (2019 жылғы 13 тамыздағы №73 Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының 13-Тарауы).
«АлЖЖ» ЖШС үшін тариф пен тарифтік сметаның бес жылдық шекті деңгейі шығынды әдіспен бекітілді, осыған байланысты, реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері және субъект қызметінің тиімділік көрсеткіштері бекітілмеген (2022 жылғы 11 қаңтардағы №143-НҚ бұйрығы).
6. Қызметтің негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері туралы
2023 жыл кезеңінде Кәсіпорын 67 389,68 млн.тенге мөлшерінде табыс алды, табыстың негізгі үлесі жылу энергиясын өткізуге 80,75% — ға келеді; жергілікті бюджеттен бөлінген ақшалай қаражаттың үлесі жалпы табыстан 17,2% — құрайды, ақшалай қаражат «АлЭС» АҚ және «АЖКЭ» ЖШС жылу көздері алдындағы кредиторлық берешекті жабуға бөлінді және жалпы табыстың 2,06% — ы Кәсіпорынның басқа және өзге де кірістеріне тиесілі.
2023 жыл үшін шығыстар 69 010,52 млн. теңгені құрады, шығындардың негізгі үлесі жылу көздерінен жылу энергиясын сатып алуға – 61% тиесілі. Сонымен қатар, негізгі шығындар: Амортизация – 8%; жалақы – 10%; электр энергиясы, салықтар және жөндеу – 7%; сондай-ақ, өзге де шығындар – 15% (айыппұлдар, тұрақсыздық төлемі, өсімпұлдар, зардап шеккендерге өтемақы, мүшелік жарналар, іс-шаралар, ақпараттық есептеу орталығының қызметтері, нотариалдық қызметтер және т.б.).
2023 жылдың қорытындысы бойынша қаржылық нәтиже – шығынының мөлшері 1 620,84 млн. теңгені құрады.
7. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы
Есептік кезең үшін жылу көздерінен сатып алулар – 7 915,3 мың Гкал құрады, өткен 2022 жылмен салыстырғанда 516 мың Гкал немесе 7%-ға ұлғайды;
- Сатылды – 6 818,6 мың Гкал.;
- Өз меншікті қажеттіліктеріне пайдаланылды – 18,3 мың Гкал;
- Коммунладық желілер бойынша нормативтік ысыраптар – 35,6 мың Гкал;
- Нормативтік ысыраптар – 1 313,79 мың Гкал;
2023 жылы жылу энергиясын сатып алу және сату көлемінің артуының себебі:
— жылытылатын аумақ 6 %-ға өсті.
— дербес шоттар 6 %-ға өсті.
8. Реттеліп көрсетілетін қызметтер тұтынушыларымен жүргізілетін жұмыстар туралы.
2023 жылы Кәсіпорын бойынша электрондық құжат айналымында ресми тіркелген кіріс хат-хабарлардың саны 21 474 өтінішті құрайды, өткен 2022 жылмен салыстырғанда 3,2% — ға немесе 668 өтінішке артты. Барлық кіріс хат-хабарлардың 75% — ы Кәсіпорынның коммерциялық блогына тиесілі.
«АлЖЖ» ЖШС-да «Бірыңғай терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін 3 (үш) тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы (Батыс, Орталық, Шығыс) жұмыс істейді, бұл тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға және құжаттарды ресімдеу мен қызмет көрсету мерзімдерін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтары 2023 жылы 91 621 тұтынушыны қабылдады, 2022 жылмен салыстырғанда тұтынушыларды қабылдау 3,6% — ға өсті.
2023 жылы қабылданған кіріс қоңыраулардың жалпы саны 175 461 қоңырауды құрайды, оның 90%-ы байланыс орталығына келіп түскен қоңыраулар, 156 580 қабылданған қоңыраулар, 2022 жылмен салыстырғанда 0,05%-ға өсті. Қалған 10% немесе 18 881 кіріс қоңырауларды тұтынушыларға қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өңдеген.
Серіктестік Facebook, Instagram және басқа да әлеуметтік желілер, Кәсіпорынның ресми сайты, WhatsApp-мессенджерлер, Интернет-ресурстар арқылы өтініштерді қосымша қабылдайды.
Мысалы, WhatsApp мессенджері арқылы 2023 жылы тұтынушылардан 9 884 өтініш қабылданды, 2022 жылмен салыстырғанда 6% — ға азайды.
9. Қызмет перспективалары, оның ішінде тарифтердің ықтимал өзгерістері туралы:
2024-2025 жж. жылыту кезеңіне дайындалу:
2023 жылғы жылу желілерін қайта құрылымдау жоспары:
- ҚЭН бағдарламасы бойынша 2023 жылдан ауыспалы, ҚҚС-мен сомасы 8,49 млрд. теңге жалпы ұзындығы 4,7 км жылу желілерінің 4 объектісін қайта құрылымдау жоспарланған;
- «АлЖЖ» ЖШС инвестициялық бағдарламасы бойынша ҚҚС-мен сомасы 1,3 млрд.теңге жалпы ұзындығы 6,25 км жылу желілерінің 8 (2023 жылдан 1 ауыспалы және 7 жаңа) объектілерін; 2023 жылдан ауыспалы ҚҚС-мен сомасы 22,23 млн. теңгеге 1-кабельдік желіні қайта құрылымдау жоспарланған.
- «Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» КММ тапсырысы бойынша ЖАО қаражаты есебінен ҚҚС-мен сомасы 8,3 млрд теңгеге жалпы ұзындығы 9 км — 10 объектілерді (7 екі жылдық және 3 бір жылдық) қайта құрылымдау жоспарланған.
- 1-ҚҚС-мен сомасы 931,36 млн. теңгеге (екі жылдық) сорғы станциясы;
- Жылу желілерін ағымдағы жөндеу — 8,0 км.;
- Оқшаулауды қалпына келтіру — 8,6 км.
Дебиторлық берешекті қысқарту:
- Дебиторлық берешек үшін тұтынушыларды жылумен жабдықтау қызметтерінен өшіру рейдтерін жүргізу туралы ақпаратты кәсіпорынның БАҚ және әлеуметтік желілерінде жариялау;
- Сотқа дейінгі хабарламалар беру;
- Дебиторлық берешегі үшін тұтынушыларды ыстық сумен жабдықтау қызметтерінен өшіру;
- Жылу энергиясы қызметтер тұтынушыларының берешегі туралы автоматты түрде қоңырау шалу және смс-хабарламаны енгізу;
- Атқарушылық жазбалар жасау және жеке сот орындаушыларына беру.
Қызмет көрсетуді жақсарту:
- Қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- Жылумен жабдықтау қызметтерін өшіру/қосу актілері бойынша деректерді енгізуді автоматтандыру.