2020 жылдың 22 қазанында Алматы жылу жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға арналған дәріс өтті. Әрбір азаматтың жауапкершілігі – Қазақстан Республикасының Заңын сақтау.
Аталған іс-шара аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер айтылды. Дәрісте сондай-ақ жергілікті жерлердегі қызметкерлердің жауапкершілік шараларын күшейту, сыйлықтарды тарту ету/ алу мәселелері (мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар беруге бола ма және әрқайсымыз қандай жауапкершілікке ие боламыз) қозғалды. Заң бұзылған жағдайда жауапкершілік туралы айтылды және пара алған немесе берген жағдайда құқық бұзушыны не күтетіні нақты көрсетілді.
Іс-шаралардың алдын алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Өз кезегінде, бұл қоғамдық сананы өзгертуге және сыбайлас жемқорлық көріністеріне теріс қатынасты қалыптастыруға көмектеседі. Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрін көрсетуге төзбеушілік жағдайы қалыптасуы тиіс.
ANTIKOR Алматы ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Жандос Құмғанбаев спикер ретінде сөз сөйледі.