Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматы жылу жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шара өтті

«АлЖЖ» ЖШС Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс — қызметінің басты бағыттарының бірі  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша күресті күшейту болып табылады.

Кәсіпорын қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру мақсатында 2022 жылғы 19 мен 25 сәуір аралығында барлық бөлімшелер бойынша Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің қатысуымен ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Көшпелі іс-шара барысында спикерлер сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру тетіктері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл және алдын алу туралы айтып берді.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыс және оның нәтижелері бойынша бірқатар бейне жазбалар көрсетті. Нақты мысалдарда квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және жалпы қоғамға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері түсіндірілді.

«АлЖЖ» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі Мемлекет басшысының квазимемлекеттік сектордағы комплаенс-қызметтердің жұмысына, бағыныстылардың сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың дербес жауапкершілігі институтын жетілдіруге ерекше назар аударғанын атап өтті.

Жүргізіліп жатқан ауқымды түсіндіру жұмыстары азаматтарды мәселелерді шешудің заңсыз тәсілдерін іздеу қажеттігінен қорғауға мүмкіндік береді. Парасаттылық жүйесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін жаңа көзқарастар мен өмірлік қағидаттары бар қоғамды қалыптастыру қағидатты маңызды рөл атқарады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінде кез келген лауазымды тұлғаның дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы туралы ақпараты болса, қала тұрғыны жүгіне алатын сенім телефоны орнатылған.

Сенім телефоны: +7 (727) 341 07 00, ішкі 4444

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС