«Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің 2025 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсету – жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау саласындағы қызметі туралы есебі.
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орындау мақсатында» (бұдан әрі – Заң) және Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидалары (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығы) (бұдан әрі — Қағида), «Алматы жылу жүйесі» ЖШС (бұдан әрі – «АлЖЖ» ЖШС) 2025 жылғы 15 шілдеде, 2025 жылғы 1 жартыжылдықтағы іс-шаралар туралы жылдық есеп бойынша тыңдаулар өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығының 299-тармағына сәйкес есеп келесі ақпаратты қамтиды:
- табиғи монополия субъектісі туралы жалпы ақпарат.
- бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы.
- бекітілген тарифтік сметаның баптар бойынша орындалуы туралы.
- реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы.
- табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы.
- табиғи монополия субъектісі қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы.
- реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы.
- реттеліп көрсетілетін қызметтер тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы.
- қызметтің перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде тарифтердің ықтималдық өзгерістері туралы
- «АлЖЖ» ЖШС туралы жалпы ақпарат.
«АлЖЖ» ЖШС жылу энергиясын беруді, бөлуді және жабдықтауды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектісі болып табылады.
«АлЖЖ» ЖШС негізгі қызметі «Алматы электр станциялары» АҚ (ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЗТК), «Алматыжылужайэнерго» ЖШС (85 қазандық) жылу көздерінен жылу энергиясын тасымалдауды қамтамасыз ету және Алматы қаласының тұтынушыларының жылытуға және ыстық сумен жабдықтауға жылу энергиясымен қамтамасыз ету болып табылады.
31.12.2024 ж. жағдай бойынша жылу желілерінің ұзындығы 1 399,9 км құрайды, оның ішінде:
- Магистралдық жылу желілері (МЖЖ) – 315,62 км;
- Тарату жылу желілері (ТЖЖ) – 1 084,28 км.
Жылу желілерінің гидравликалық жұмыс режимін қамтамасыз ету үшін 69 сорғы станциясы (магистралдық сорғы станциялары – 20 бірл., бөлу станциялары – 49 бірл.) орнатылды.
ЫСЖ-ң шекті жүктемелерін түзеу үшін 24 бак-аккумулятор орнатылды.
31.12.2024ж. жағдай бойынша пайдалану мерзімі 25 жылдан асатын жылу желілерінің үлесі 56,1% немесе 785,96 км құрайды, соның ішінде:
- ТЖЖ: 63,2% немесе 685,6 км;
- МЖЖ: 31,8% немесе 100,36 км.
Желілердің негізгі үлесін диаметрі 40 мм-ден 400 мм дейінгі 1 210,48 км (86,5%) құбырлар құрайды, диаметрлері 500 мм-ден 1 000 мм дейінгі желілердің үлесі 189,42 км (13,5%) құрайды.
Жыл сайын «АлЖЖ» ЖШС-ң жалпы ұзақтығына «АлЖЖ» ЖШС-ң теңгеріміне берілген қайта салынған және коммуналдық жылу желілері қосылады. «АлЖЖ» ЖШС жылу желілерінің ұзақтығы 2023 жылмен салыстырғанда 14,6 км ұзарған.
2. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығының 6-тарауының 335-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Тарифтерді қалыптастыру қағидалары, ТҚҚ) «АлЖЖ» ЖШС субъектісінің инвестициялық бағдарламасы Қазақстан Республикасының даму басымдықтары мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып әзірленді, сәйкесінше онда:
— қолданыстағы активтерді кеңейту, жаңғырту, жаңғырту, жаңарту, жылумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсету үшін технологиялық циклде тікелей пайдаланылатын жаңа активтерді құру;
— энергия үнемдеуді қамтамасыз ету және энергия тиімділігін арттыру;
— көрсетілетін реттеліп көрсетілетін қызметтердің (жылу және ыстық сумен жабдықтау) сапасын арттыру.
ТҚҚ-ның 6 тарауының 338 тармағына сәйкес бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыру «АлЖЖ» ЖШС тарифіне енгізілген пайда мен амортизациялық аударымдар есебінен жүзеге асырылуы тиіс. 2025 жылдың 1 жартыжылдығына «АлЖЖ» ЖШС нақты амортизациясы бекітілген мөлшері 4 982,6 млн. тг. бола тұра, 5 601,6 млн. тг. құрайтынын айта кету керек.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Департаменті (бұдан әрі — ТМРКД) 2025 жылғы 19 маусымдағы №44-ОД бұйрығымен 2025 жылдың инвестициялық бағдарламасын орындау жоспарына 4 829,2 млн. тг. сомасына түзетуді бекітті, іс жүзінде 2025 жылдың 1 жартыжылдығына инвестициялық бағдарламаның орындалуы 500,7 млн.тг. құрады, инвестициялық бағдарлама 10% орындалды. Келісім орындалу сатысында.
ҚҚС-сыз

3. Бекітілген тарифтік сметаның баптар бойынша орындалуы туралы.
2025 жылдың 1 жартыжылдығына жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау қызметтеріне тарифтік сметаның орындалуы.
ҚҚС-сыз
р/б № | Көрсеткіштердің атауы | Өлшем бірлігі | Бекітілген тарифтік смета | 2025 ж. 1-ші жартыжылдығындағы орындалуы | % | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
I. | Тауарларды өндіруге және қызметтерді ұсынуға жұмсалған шығындар, барлығы | мың теңге | 26 298 558,13 | 13 405 304,03 | -49% | |
1 | Материалдық шығындар, барлығы | мың теңге | 1 603 523,15 | 1 454 055,41 | -9% | |
соның ішінде: | ||||||
1.1 | Шикізаттар мен материалдар | мың теңге | 103 276,65 | 81 132,97 | -21,4% | Орындалу және шарт жасасу кезеңінде тұр. |
1.2 | ЖЖМ | мың теңге | 97 502,75 | 236 670,22 | 143% | Артық шығын жұмсаудың себебі: − бензин бағасының 36%, диз.отынның 52% өсуі (2020-2025жж. бастап); |
1.3 | Су және кәріз | мың теңге | 27 728,02 | 25 552,60 | -7% | «Алматы Су» МКК тарифінің өсуі (2020-2025жж. бастап): — технологиялық қажеттіліктерге арналған су 160% — шаруашылық қажеттіліктерге арналған су 102% |
1.3.1 | Шар. қажеттіліктерге арналған су | мың теңге | 27 728,02 | 3 949,5 | -7% | |
1.3.2 | Технологиялық қажеттіліктерге арналған су | 18 974,8 | ||||
1.3.3 | Кәріз | 2 628,3 | ||||
1.4 | Энергия | мың теңге | 1 375 015,73 | 1 110 466,38 | -19% | 2020-2025жж. бастап тарифтердің өсуі: − электр энергиясына 84%; − «АлЭС» АҚ жылу көздерінің жылу энергиясына — 58%, «АЖЖЭ» ЖШС — 104%. |
1.4.1 | Өндірістік қажеттіліктерге арналған электр энергиясы | мың теңге | 1 306 725,12 | 1 049 468,31 | -20% | |
1.4.2 | Шар. қызметтерге арналған жылу энергиясы және химиялық тазартылған су | мың теңге | 68 290,61 | 60 998,08 | -11% | |
2 | Еңбекақы төлеу шығыстары, барлығы | мың теңге | 10 570 498,18 | 5 314 840,76 | -50% | |
3. | Амортизация | мың теңге | 4 683 333,35 | 3 142 880,19 | -33% | |
4. | Нормативтік шығындарға жұмсалған ақша | мың теңге | 8 211 423,60 | 2 679 441,92 | -67% | |
5. | Жөндеу | мың теңге | 954 325,10 | 516 044,07 | -46% | |
6. | Салықтар (экологиялық төлемдер) | мың теңге | 1 710,40 | 741,09 | -57% | |
7. | Шеттегі ұйымдардың қызметтері, всего | мың теңге | 273 744,35 | 297 300,60 | 9% | |
II. | Кезең шығыстары, барлығы | мың теңге | 2 781 381,91 | 1 490 429,60 | -46% | |
9. | Сыйақы төлеуге шығыстар | мың теңге | 5 748,51 | 0,00 | 0% | |
III | Пайда | мың теңге | 29 085 688,54 | 14 895 500,41 | -49% | |
IV | Прибыль | мың теңге | 0,00 | 3 014 903,97 | 0% | |
V | Кірістердің барлығы | мың теңге | 29 085 688,54 | 17 910 404,37 | -38% | |
VI | Көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемі | мың Гкал | 6 712,68 | 4 133,54 | -38% | |
VII | Нормативтік техникалық шығындар | % | 15,62% | 13,82% | -12% | Жартыжылдық қорытындылары бойынша |
мың Гкал | 1 242,85 | 662,92 | -47% | |||
VIII | Тариф (ҚҚС қоспағанда) | теңге/Гкал | 4 332,95 | 4 332,95 | 0% |
4. Реттелетін қызметтің сапа және сенімділік көрсеткіштері туралы.
5. Табиғи монополиялар субъектісінің қызметінің тиімділік көрсеткіштері туралы:
«АлЖЖ» ЖШС-де реттелетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштері және субъектінің қызмет тиімділігі көрсеткіштері тариф пен тарифтік сметаның бес жылдық шекті деңгейінің шығындық әдіспен бекітілуіне байланысты бекітілмеген (2022 жылғы 11 қаңтардағы №143-Од Бұйрық).
Реттелетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштері және субъектінің қызмет тиімділігі көрсеткіштері тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолданған кезде бекітіледі (2019 жылғы 13 тамыздағы №73 Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларының 13-тарауы).
6. Қызметтің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы
2025 жылдың 1 жартыжылдығы кезеңінде Кәсіпорын 45,2 млрд. теңге мөлшерінде кіріс алды, негізгі 98%-ы жылу энергиясын өткізудің үлесінде; жалпы кірістің 2% Кәсіпорынның басқа және өзге түсімдерінің үлесінде (инженерлік желілерге қызмет көрсету, металл сынықтарын сату, есепке алу аспаптарын орнату және т.б.).
2025 жылдың 1 жартыжылдығына үшін шығыстар 44,3 млрд. теңгені құрады, шығындардың негізгі үлесі жылу көздерінен жылу энергиясын сатып алуға жұмсалады– 71%. Одан басқа, негізгі шығындар мыналарға жұмсалады: амортизация – 7,1%; жалақы – 14%; электр энергиясы, салықтар және жөндеу – 4,9%; сондай-ақ басқа шығыстар – 3% (айыппұлдар, тұрақсыздық төлемі, өсімпұлдар, зардап шеккендерге өтемақы, мүшелік жарналар және т.б.).
2025 жылдың 1 жартыжылдығының қаржылық нәтижесі бойынша пайда көлемі 0,9 млрд.теңгеге құрады.
7. Ұсынылған реттелетін қызметтер көлемдері туралы.
Есепті кезең ішінде жылу көздерінен – 4 251,9 мың Гкал. сатып алынды, көрсеткіш өткен 2024 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 113,2 мың Гкал немесе 3% азайды;
- Өткізілгені – 4 014,9 мың Гкал.;
- Өз қажеттіліктеріне жұмсалғаны – 9,3 мың Гкал;
- Қайта енгізілетін объектілерді ойып салу/төгу – 3,63 мың Гкал;
- Коммуналдық желілер бойынша нормативтік шығыстар – 21,14 мың Гкал;
- Нормативтік шығыстар – 237,95 мың Гкал;
8. Реттелетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы.
2025 жылдың 1 жартыжылдығына Кәсіпорын бойынша келіп түскен хат-хабарлар саны, электрондық құжат айналымында ресми тіркелген 10 798 сұраныс болған, яғни, 2024 жылдың әуелгі 1 жартыжылдығымен салыстырғанда тиісті көрсеткіш 6% немесе 658 өтінішке азайды. Барлық кіріс корреспонденциясының 59% Кәсіпорынның коммерциялық блогының үлесінде.
«АлЖЖ» ЖШС-де «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін 3 (үш) Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы (Батыс, Орталық, Шығыс) жұмыс істейді. Бұл тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға және құжаттарды рәсімдеу және қызметтерді ұсыну мерзімдерін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтары 44 128 тұтынушыны қабылдады, 2024 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда тұтынушыларды қабылдау 5% жоғарылаған.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында қабылданған кіріс қоңырауларының саны 153 977 жетті, оның 51% – Байланыс-орталығына келіп түскен қоңыраулар. 2024 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 6% өсті. Қалған 49% немесе 74 496 кіріс қоңырауларын Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығының қызметкерлері қабылдаған.
Оған қосымша, Серіктестік өтініштерді Интернет-ресурстар арқылы, WhatsApp-мессенджерлер, Кәсіпорынның ресми сайты, Facebook, Instagram әлеуметтік желілері және басқа жолдармен қабылдайды.
Мысалға, WhatsApp мессенджері арқылы, 2025 жылдың 1 жартыжылдығында тұтынушылардан 5 844 сұраныс түсті, бұл 2024 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 59%-ға артық.
9. Қызметтің перспективалары, соның ішінде тарифтердің өзгеру мүмкіндігі туралы:
2025-2026 жж. жылыту кезеңіне дайындық:
2025 жылға арналған Жылу желілерін жаңғырту жоспары:
- ҚЭН бағдарламасы бойынша жалпы ұзақтығы 15,4 км құрайтын 33 жылу желілері объектілерін (олардың ішінде 4-уі 2026 жылға өтетін объектілер) ҚҚС-сыз 8,5 млрд. теңге сомасына жаңғырту жоспарланған;
- «АлЖЖ» ЖШС-ң инвестициялық бағдарламасы бойынша жалпы ұзақтығы 8,1 км құрайтын 18 жылу желілері объектілерін (олардың ішінде 4-уі 2026 жылға өтетін объектілер) және 1 – ҚҚС-сыз 3,7 млрд. теңге сомасына сорғы станциясын жаңғырту жоспарланған;
- «Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» КММ тапсырысы бойынша ЖАО қаражаттары есебінен жалпы ұзақтығы 4,7 км құрайтын 10 жылу желілері объектілерін (олардың ішінде 8-і 2024 жылдан өтетін объектілер) және 1 – ҚҚС-сыз 6,1 млрд. теңге сомасына сорғы станциясын жаңғырту жоспарланған.
- Жылу желілерін ағымдағы жөндеу – 10,8 км.;
- Оқшаулағышты қалпына келтіру – 7,5 км.
Дебиторлық берешекті азайту:
- БАҚ-да және кәсіпорынның әлеуметтік желілерінде тұтынушыларды дебиторлық берешектері үшін жылумен жабдықтау қызметтерінен ажырату рейдтерінің өткізілетіні туралы ақпаратты жариялау;
- Сотқа дейінгі хабарламаларды беру;
- Дебиторлық берешегі үшін тұтынушылардың ыстық сумен жабдықтау қызметтерінен ажырату;
- Жылу энергиясы қызметтерін тұтынушылардың берешегі туралы автоқоңырауды және смс-хабарламаны енгізу;
- Атқарушылық жазбаларды жасау және оларды жеке сот орындаушыларына жіберу.
Қызмет көрсетуді жақсарту:
- Қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- Жылумен жабдықтау қызметтерін ажырату/қосу актілері бойынша деректерді енгізуді автоматтандыру.
Тарифтің өзгеру ықтималдығы:
- «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 22-бабына сәйкес стратегиялық тауарлардың құны өзгерген жағдайда «АлЖЖ» ЖШС тарифті өзгертуге өтініммен оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін жүгінеді.