Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматы жылу жүйесінің жаңа басшысы тағайындалды

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС (АлЖЖ) бас директоры болып Марат Сеитказиев тағайындалды.

Марат Сеитказиев 1971 жылы туған.

Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын; Тараз техникалық институтын бітірген.

Өз еңбек қызметін 2000 жылы «Таразэнергоорталық» АҚ-да қаланың ЖЭО қазандық-турбина цехында 4-разрядты қазандықтар машинисі ретінде бастады.

2002 жылдан 2007 жылға дейін Тараздағы ЖЭО-да (қазандардың аға машинисі, ауысым бастығы, ӨТБ бастығының орынбасары), 2007–2009 жылдары — «Астана-Теплотранзит» АҚ мен «AEGIS Inc» ЖШС-де (инженер, бөлімдердің бастығы), 2012–2016 жылдары — «Іргелі шаңырак жобасы» ЖШС-де директордың өндіріс жөніндегі орынбасары, 2016–2021 жылдары — «Астана-Теплотранзит» АҚ-да жылу желілерін пайдалану қызметінің бастығы болып жұмыс істеді.

АлЖЖ бас директоры лауазымына тағайындалғанға дейін «Астана-Теплотранзит» АҚ-ң Өндіріс жөніндегі басқармасы төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

2026 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС