Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

АлматыБіздіңОртақҮйіміз

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Бүгін «Алматы — біздің ортақ үйіміз» атты қалалық науқаны басталды! Біздің тұрғындар әрқашан қалаға үлкен сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен қарайды. Әр көктемде барлық қала тұрғындары жұмыла сенбілікке шығады, ағаш отырғызады.
Басталған қалалық науқан аясында біздің кәсіпорын бір ай ішінде құрылымдық бөлімшелер орналасқан барлық учаскелерде тазалау жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ, ағаш отырғызу да жоспарланып отыр.
Әрбір қала тұрғынын осы игі бастамаға қатысуға, қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесін қосуға шақырамыз.

Бәріміз бірге Алматы – біздің ортақ үйімізді таза ұстауға ат салысайық!

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС