Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматыда 15 қыркүйекке дейін Байқадамов көшесі бойындағы көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда 1984 жылдан бері жұмыс істеп тұрған Байқадамов көшесінің бойымен өтетін 1,2 шақырымнан астам құбыр ауыстырылады.
2024 жылғы 12 маусым мен 15 қыркүйек аралығында Алматы қаласының Бостандық ауданында Байқадамов көшесінің бойымен Розыбакиев көшесінен бастап Гагарин даңғылына дейінгі аумақта, сондай-ақ Радостовец көшесінің бойымен Байқадамов көшесінен Журавлева көшесіне дейін автокөлік құралдары үшін қозғалыс жабылады.
Екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады.
Уақытша шектеулер 1984 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан жалпы ұзындығы 1220 метр болатын, аталған көше бөлігінің көлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілді.
Бұл құбыр 97 көппәтерлі тұрғын үйді, 12 жеке тұрғын үйді, 4 балабақшаны, 2 денсаулық сақтау нысанын және 27 басқа нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС