Казахстан, Алматы, Байзакова, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Пн – Пт

Новости

Алматыда 1965 жылғы құбырды ауыстыру себебімен Лавренев көшесінің батыс жағымен өтетін жол уақытша шектеледі

Алдағы жылыту маусымына дайындық кезеңінің ішінде Алматы қаласының Түрксіб ауданында жылу желілерін жоспарлы жаңғырту жалғасуда. Жұмыстар шеңберінде 1965 жылы пайдалануға енгізілген, жалпы ұзақтығы 4,1 километрді құрайтын жылу трассасын ауыстыру жұмыстары жүзеге асырылып жатыр.

Осыған байланысты, 2025 жылдың 29 шілдесінен бастап 31 тамызына дейін Лавренев көшесінің батыс жағы бойынша – Наманганская көшесіндегі № 43а үйден бастап Майлин көшесіне дейін автокөліктер қозғалысы шектеледі. Автокөліктердің екі жақты қозғалысы көшенің шығыс жағымен ұйымдастырылады.

Шектеулер көрсетілген көше учаскесінің жүргін бөлігінің астымен өтетін магистральдық құбыржолдарды жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Жаңғырту жұмыстарын жүргізу мерзімінің ішінде тұтынушыларға ыстық су беру үзілмейді.

Аталған жылу желісі 42 көппәтерлі үйдің тұрғындары, емхана және басқа да 4 объект үшін жылу энергиясын беруді және ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

2024 ©  ТОО «Алматинские тепловые сети»