Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматыда 1976 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбырды ауыстыру үшін Дунаевский мен Левитан көшелерінің арасындағы тар көшеде көлік қозғалысы шектелетін болады

2024 жылдың 5 тамызы мен 15 қыркүйегі аралығында Алматы қаласы Бостандық ауданында Дунаевский мен Левитан көшелерінің арасындағы тұйық көшеде автокөліктер үшін қозғалыс жабылады. Екі бағытта да автокөлік қозғалысы жабылады.

Уақытша шектеулер 1976 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан жалпы ұзындығы 1240 метр болатын, аталған көшенің көлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілмек.

Бұл құбыржол 153 көппәтерлі тұрғын үйді, 7 жеке тұрғын үйді, 5 балабақшаны, 4 мектепті, 2 денсаулық сақтау нысанын және басқа да 15 нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.

Ғафу өтінеміз және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС