Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматыда 21-23 шілде аралығында жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі

Алмалы және Жетісу аудандарында 21-23 шілде аралығында жылу желілеріне гидравликалық сынақ өтеді

2026 жылдың 21-23 шілдесі аралығында Алматы қаласының Алмалы және Жетісу аудандарындағы Сейфуллин даңғылы — Рысқұлов даңғылы — Бродский көшесі — Райымбек даңғылдарымен шектелген ауқымда жылу желілеріне жөндеу жұмыстарынан кейінгі гидравликалық сынақ жүргізілмекші.

Магистральдық және таратушы құбырларды сынау жұмыстары таңғы уақытта сағат 04:00-ден 07:00-ге дейінгі аралықта өтетіндіктен, қала тұрғындары мен қонақтарына сақтық танытуға кеңес береміз.

Қауіпсіздік шаралары қолданылып жатқанына қарамастан, оқыс жайттардың, мысалы, судың жер бетіне көтеріліп, жайылуы, жол жабынының ішінара зақымдануы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды.

Мұндай жағдайларда өз бетіңізше ешқандай әрекет жасамаңыз; оқиға орнынан дереу кетіп, болған жағдай туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС -не төмендегі телефон нөмірлері арқылы хабарлаңыз:
351-27-62 (тікелей желі), байланыс орталығы: 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша нөмірлер: 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109 нөмірі.

Аталған аумақтар шеңберінде тұратын барлық тұтынушылар үшін ыстық сумен қамтамасыз ету толығымен жалғаса береді.

Гидравликалық сынақтар алдағы жылу маусымына қалалық жылу шаруашылығын дайындау аясында жылу желілерінің, олардың жабдықтарының ахуалын тексеру әрі құбырлардың осал тұстарын анықтау үшін жүргізілуде.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!

2026 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС