Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматыда Дунаевский көшесінің солтүстік жағындағы көлік қозғалысы үш айға шектеледі

Алматыда Дунаевский көшесінің бойымен өтетін 1976 жылдан бері жұмыс істеп тұрған ұзындығы 1,2 шақырымнан астам құбыр ауыстырылады.

2024 жылдың 11 маусымы мен 15 қыркүйегі аралығында Алматы қаласы Бостандық ауданында Дунаевский көшесінің солтүстік жағы бойында Жароков көшесінен бастап батыс бағытында автокөліктер үшін қозғалыс жабылады.
Көлік қозғалысы тек батыс бағытында ғана жабылады.

Уақытша шектеулер 1976 жылдан бері пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 1240 метр болатын, аталған көше бөлігінің автокөлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды қайта жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілген. Бұл құбыр 153 көппәтерлі тұрғын үйді, 7 жеке тұрғын үйді, 5 балабақшаны, 4 мектепті, 2 денсаулық сақтау нысанын және басқа да 15 нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС