Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматыда Құрманғазы көшесінде көлік қозғалысы екі айға шектеледі

2024 жылдың 17 маусымы мен 17 тамызы аралығында Алматы қаласының Медеу ауданында Құрманғазы көшесінің бойымен Пушкин көшесінен бастап Достық даңғылына дейін және Достық даңғылынан Зенков көшесіне дейін аралықта автокөлік құралдары үшін қозғалыс жабылады.
Достық даңғылынан Зенков көшесіне дейінгі қозғалыс екі бағытта да жабылады.
1986 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан жалпы ұзындығы 305 метр болатын, аталған көше аумағының көлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды қайта жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізілмекші.
Соңғы 5 жылда бұл аумақта 10-ға жуық бүлінген жерлер жөнделді.
Құбырдың бұл учаскесі 5 көппәтерлі тұрғын үйді және 4 басқа нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС

Құрметті тұтынушылар!

Наурыз мерекесін тойлау құрметіне 21-25 наурыз аралығындағы күндер демалыс және мереке күндері болып жарияланды.
Жұмыс 26 наурыздан бастап кәдімгі тәртіпте жалғасады.

Барлығыңызды келешек мерекемен құттықтаймыз! Осы керемет уақытта жан жылуыңыз мол, бақыт пен береке тілейміз!


Уважаемые потребители!
Сообщаем, что в честь празднования Наурыза с 21 по 25 марта объявлены выходными и праздничными днями.
Работа возобновится в прежнем режиме с 26 марта.
Поздравляем всех с наступающим праздником! Желаем вам радости, благополучия и душевного тепла в это прекрасное время!

Он будет закрыт в 0 секунд