Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бойындағы учаскелердің бірінде түнде көлік қозғалысы шектеледі

2024 жылдың 7 маусымындағы сағат 23.00-ден 8 маусымдағы сағат 08.00-ге дейін Алматы қаласы Бостандық ауданында Розыбакиев көшесінің бойындағы Байқадамов көшесінен Журавлев көшесіне дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы жабылады.

Екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады.

Уақытша шектеулер аталған көше бөлігінің көлік жүретін жол бөлігінің астынан өтетін магистралдық құбыр учаскесінде жоспарлы жұмыстардың жүргізілуінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіліп отыр.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС