2024 жылдың 8 маусымы мен 15 қыркүйегі аралығында Алматы қаласының Медеу ауданында Жүргенов көшесінің бойымен Жангелдин көшесінен басталып Жетісу көшесін қиып өте отырып Тянь-Шаньская көшесіне дейін созылып жатқан аралықта автокөлік қозғалысы жабылмақшы.
Екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады.
Уақытша шектеулер аталған көше бөлігінің көлік жүретін жол бөлігінің астынан өтетін, 1988 жылдан бері пайдалануға берілген ұзындығы 695 метрлік құбырды қайта жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстардың жүргізілуінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіліп отыр. Бұл құбыр 18 көпқабатты тұрғын үйді, 61 жеке тұрғын үйді, 1 балабақшаны, 1 мектепті және тағы басқа 13 нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз.