Алматыда жылу желілерін сынау жүріп жатыр: абай болуларыңызды өтінеміз
2026 жылдың 20 сәуірі мен 6 мамыры аралығындағы кезеңде Алматының сегіз ауданының аумағында жылу желілерінің гидравликалық сынақтары жүргізіледі.
Магистральдық және тарату құбырларын тексеру кезінде, күн сайын таңғы сағат 4:00-ден таңғы 7:00-ге дейін, қала тұрғындары мен қонақтарына алдын ала сақтық шараларын сақтауға кеңес береміз.
Қауіпсіздік шаралары қолданылып жатқанына қарамастан, судың жер бетіне шығып жайылуы, жол жабындысының ішінара қирап-бүліну сияқты оқысжағдайлардың орын алуы ықтимал.
Мұндай жағдайларда өз бетіңізше ешқандай әрекет жасамаңыз, дереу оқиға орнынан кетіп, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталық: 341-07-00 не 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109 телефон нөмірі арқылы аталған оқиға туралы хабарлаңыз.
Жылу желілерінің сынағын өткізудің кестесі:
20 сәуір
Алатау ауданы: Мөңке би – Б.Момышұлы – Райымбек – Фариза Оңғарсынова.
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Тимирязев – Шағабутдинов – Розыбакиев.
20-сәуірден 22- сәуір соңына дейін
Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Сейфуллин – Тобаяқов – Желтоқсан – Мәметова – Абылай хан.
20-сәуірден 6 – мамыр соңына дейін
Бостандық ауданы: Асқаров – «Мирас» шағын ауданы – «Алматы» шипажайы – Сайын – әл-Фараби – «Қазақфильм» шағын ауданы – Рысқұлбеков — Каблуков — Басенов — Өтепов — Розыбакиев — Жароков – «Алмагүл» шағын ауданы — Ходжанов — ҚазҰУ — Тимирязев — М. Ганди – Назарбаев;
Лисянский – Розыбакиев – Жароков – Эксперименттік база – Ходжанов – Әл-Фараби – «Алмагүл» шағын ауданы;
Орбита-1, 2, 3, 4 шағын аудандары – Сайын – Рысқұлбеков – Розыбакиев – Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Жароков – Бәсенов;
Медеу ауданы: Тайманов – Чайкиной – Достық – Меңдіқұлов – Әл-Фараби – Жолдасбеков – Достық – Байжанов – Ішкі істер министрлігінің шипажайы.
21 сәуір
Әуезов және Алмалы аудандары: Қарасай батыр – Райымбек – Яссауи – Емцов;
Жетісу ауданы: Айнабұлақ-1,2,3,4 шағын аудандары, «Көкмайса» шағын ауданы, Ангарская – Мақатаев – Палладин – Павлодар көшелерінің қиылысы түзетін аумақ.
21 және 22 сәуір
Әуезов және Алмалы аудандары: Қарасай батыр – Райымбек – Яссауи – Емцов.
22 сәуір
Наурызбай ауданы: Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда;
Жетісу ауданы: «Құлагер» шағын ауданы Серіков – Ратушный көшелері бойымен, Рысқұлов – Жансүгіров – Тихов – Глазунов көшелерінің қиылысы түзетін аумақта;
Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр – Жандосов – Варламов – Айманов.
22-сәуірден 23 – сәуір соңына дейін
Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Сейфуллин – Тобаяқов – Н. Назарбаев – Маметова – Уалиханов – Әйтеке би.
23 сәуір
Наурызбай ауданы: Жобаланылушы аймақ – Айтбаев – Райымбек – Алтын Алаш.
23-сәуірден 24– сәуір соңына дейін
Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин – Рысқұлов – Жангельдин – Райымбек – Куратов – Гоголь;
Әуезов, Наурызбай және Бостандық аудандары: Төле би – Сатпаев – Ашимов – Ислам Каримов.
24 сәуір
Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Фариза Оңғарсынова – Зерделі шағын ауданы;
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Өтепов – Розыбакиев – Байзақов.
27 сәуір
Алатау ауданы: Райымбек – Отырар – Рысқұлов – Н.Данченко;
Алмалы ауданы: Шөкин – Петров – Қарасай батыр – Райымбек.
27 және 28 сәуір
Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Қорған – Сатпаев – Чайковский;
Әуезов және Алмалы аудандары: Қуанышбаев – Рысқұлбеков – Сайын – Үлкен Алматы өзені.
28 сәуір
Алатау ауданы: Аққайнар кенті – Мамбетов –ҮАА –ң оңтүстік қапталы.
29 сәуір
Алмалы ауданы: Қарасай батыр – Ислам Каримов – Райымбек – Масанчи.
28 және 29 сәуір
Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би – Назарбаев – Шевченко –– Желтоқсан – Сатпаев – Сейфуллин – Абай – Досмұхамедов.
29 және 30 сәуір
Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов – Сайын – Сәдуақасов;
Алмалы және Бостандық аудандары: Панфилов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев – Гоголь – Есентай өзені.
5 мамыр
Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек – Бродский — Рысқұлов – Сейфуллин.
Аталған аумақтар ауқымында тұратын барлық тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету толықтай жалғаса береді.
Гидравликалық сынақтар қалалық жылу шаруашылығын алдағы жылыту маусымына дайындау шеңберінде жылу желілерінің ахуалын, олардың жабдығының жағдайын тексеру және құбыржолдардың проблемалық, апатқа ұшырауға бейім бөліктерін анықтап, тексеру үшін жүргізілмекші.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!
