Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматыда жылу желілерін жөндеу үшін Әл-Фараби даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі

6 тамыз сағат 08:00-ден 7 тамыз сағат 21:00-ге дейін Медеу ауданы Әл-Фараби даңғылының Меңдіқұлов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде жылу желілерін жөндеу үшін көлік қозғалысы шығыс бағытта ішінара шектеледі

Көлік қозғалысы батыс бағытта ашық болады.

Уақытша шектеулер аталған көше бөлігінің көлік жүретін жол бөлігінің астынан өтетін жылу құбырын алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіліп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС