Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматыда жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстары кезінде Абай даңғылы бойында көлік қозғалысына шектеу қойылады

25 шілдедегі сағат 22:00-ден 26 шілдедегі сағат 08:00-ге дейін Алматының Әуезов ауданындағы Абай даңғылы бойында, Алтынсарин көшесінен «Сарыарқа» метро станциясына (Family саябағы) дейінгі ауқымда, батыс бағытта автокөлік қозғалысы жабылады.

Шығыс бағытта көлік қозғалысы ашық болады.

Уақытша шектеулер жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау шаралары аясында магистральдық құбыржол учаскесінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.

Ғафу өтінеміз және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС