Алматының Жетісу ауданындағы 2-ші Гончарная көшесінің телімінде көлік қозғалысы шектелетін болады
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматының Жетісу ауданында 1996 жылы пайдалануға берілген жылу күрежолының шамамен 340 метрлік телімі ауыстырылмақшы.
Осыған байланысты, 2026 жылдың 23 шілдесінен бастап 2-ші Гончарная көшесінің бойындағы ҚДБ фтизиопульмонология орталығы мен Райымбек даңғылындағы № 223e/4 үй аралығындағы телімде көлік қозғалысына шектеу қойылады.
Шектеулер көлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіліп отыр.
Жаңғырту жұмыстары жүргізілер кезеңде тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

