Казахстан, Алматы, Байзакова, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Пн – Пт

Новости

Алматыдағы жылу желілерін сынақтан өткізу: оқыс жағдайлар болуы мүмкін – сақ болыңыз

2025 жылдың 21 шілдесінен бастап 1 тамызына дейін алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматының сегіз ауданының аумағында жылу желілері гидравликалық сынақтардан өткізіледі.

Магистральдық және таратқыш құбыржолдарды тексеру кезінде – күн сайын таңғы 4-тен 7-ге дейін – қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына сақтық шараларын сақтау ұсынылады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, судың жер бетіне шығуы және басқа да оқиғалар сияқты штаттан тыс жағдайлар орын алуы мүмкін. Мұндай жағдайларда өз бетінше ешқандай әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіңіз және ол туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не мына телефондар арқылы хабарлаңыз: 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109.

Жылу желілерін сынақтан өткізу кестесі:

шілденің 21-нен 23-не дейін

Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек – Бродский — Рысқұлов – Сейфуллин;

Алатау ауданы: Мөңке би — Б. Момышұлы – Райымбек – Фариза Оңғарсынова;

Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Сейфуллин – Тобаяқов – Желтоқсан – Мәметова – Абылай хан.

шілденің 21-нен 1 тамызға дейін

Бостандық ауданы: Асқаров – Мирас шағын ауданы – «Алматы» шипажайы – Саин – Әл-Фараби – Қазақфильм шағын ауданы — Рысқұлбеков – Каблуков – Басенов – Өтепов – Розыбакиев – Жароков – Алмагүл шағын ауданы – Ходжанов – ҚазҰУ – Тимирязев – М. Ганди – Назарбаев;

Лисянский – Розыбакиев – Жароков – Эксперименттік база – Ходжанов – Әл-Фараби – Алмагүл шағын ауданы;

Орбита-1, 2, 3, 4 шағын аудандары – Саин – Рысқұлбеков – Розыбакиев – Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Жароков – Басенов;

Медеу ауданы: Тайманов – Чайкина – Достық – Меңдіқұлов – Әл-Фараби – Жолдасбеков – Достық – Байжанов – ІІМ шипажайы.

шілденің 22-нен 24-не дейін

Әуезов және Алмалы аудандары: Қарасай батыр — Райымбек — Яссауи – Емцов,

Қарасай батыр — Райымбек — Яссауи – Емцов;

Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Сейфуллин — Тобаяқов – Назарбаев –Мәметова – Уәлиханов – Әйтеке би.

шілденің 23-нен 25-не дейін

Әуезов и Алмалы аудандары: Қарасай батыр — Райымбек — Яссауи – Емцов;

Жетісу ауданы: Айнабұлақ-1, 2, 3, 4 шағын аудандары; Көкмайса шағын ауданы, Ангарская – Мақатаев – Палладин – Павлодарская көшелерінің контурында;

Алатау ауданы: Райымбек – Отырар – Рысқұлов – Н.Данченко;

Алмалы ауданы: Шөкин – Петров – Қарасай батыр – Райымбек;

Жетісу және Түрксіб аудандары: Рысқұлов – Сейфуллин – Солтүстік Айналым – Боралдай;

Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин – Рысқұлов –Жангелдин – Райымбек – Куратов – Гоголь.

шілденің 24-нен 25-не дейін

Наурызбай ауданы: Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда;

Жетісу ауданы: Құлагер шағын ауданы Серіков – Ратушный көшесімен, сондай-ақ Рысқұлов — Жансүгіров – Тихов – Глазунов көшелерінің квадратында;

Әуезов, Наурызбай, Алмалы және Бостандық аудандары: Төле би – Сәтпаев – Әшімов – Ислам Кәрімов;

Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Фариза Оңғарсынова – Зерделі шағын ауданы;

Алмалы ауданы: Қарасай батыр – Ислам Кәрімов – Райымбек – Масанчи.

шілденің 28-нен 30-на дейін

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Тимирязев – Шагабутдинов – Розыбакиев;

Алатау ауданы: Аққайнар кенті – Мамбетов – ҮАК оңтүстік жағы.

шілденің 28-нен 1 тамызға дейін

Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Курганская – Сәтпаев – Чайковский;

Алмалы және Бостандық аудандары: Панфилов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев – Гоголь – Есентай өзені.

29 шілде және 1 тамыз

Әуезов және Алмалы аудандары: Қуанышбаев – Рысқұлбеков – Саин – Үлкен Алматы өзені.

30 шілдеден 1 тамызға дейін

Алмалы және Бостандық аудандары: Кабанбай батыра – Жандосова – Варламова – Айманова.

31 шілдеден 1 тамызға дейін

Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов – Саин – Сәдуақасов;

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Өтепов – Розыбакиев – Байзақов.

Көрсетілген аумақтардың контурында тұратын тұтынушылардың барлығын ыстық сумен жабдықтау толықтай сақталады.

Гидравликалық сынақтар қалалық жылу шаруашылығын алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілерінің, олардың жабдықтарының жай-күйін тексеру және құбыржолдардың күрделі учаскелерін айқындау үшін жүргізіледі.

2024 ©  ТОО «Алматинские тепловые сети»